«Құқық бұзушылық алдын алу» тақырыбында ұлдар жиналысы » А.Саттаров атындағы орта мектеп
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"А.Саттаров атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Құқық бұзушылық алдын алу» тақырыбында ұлдар жиналысы
16
апрель
2024

«Құқық бұзушылық алдын алу» тақырыбында ұлдар жиналысы

   Мектебімізде Сәуір  айының 16 күні   5,6,7  сынып оқушылары арасында  «Құқық бұзушылық алдын алу» тақырыбында  ұлдар жиналысын өткізді.Жиналысқа Шелек ПБ ЮПТ- ның полиция майоры А.Жумағулулы,полиция лейтенанты Р.Важип,МДТІЖО М.Мангатаева,құқықтық тәрбие менеджері Н.Маликов қатысты. Мектебіміздің МДТІЖО М.Мангатаева алдымен оқушыларға құқық бұзушылық және бопсалау туралы және түнгі рейд кезінде оқушылардың тәртібіне ерекше назар аудару керектігін айтып өтті. Жиналыс соңында оқушылар кері байланыс орнатып, тәртіпке бағынатындықтары туралы айтты. Сонымен қоса «Құқық бұзушылықтың» алдын алу талаптарымен таныстырып өтті. Мектеп ережесі туралы айтылып, қатаң сақтаулары керектігін айтты.Шелек ПБ-нің ЮПТ-ның инспекторы полиция майоры А.Жумағулулы кешкісін сағат 22.00 ден кейін көшеде жүрмеу керектігін айтты. Заңға бағынбаған оқушыларға айыппұл салынатыны жайында ескертті.Сонымен қатар ҚРӘҚБтК- нің  442-бап. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінденемесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы

1. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22:00-ден таңғы 06:00-ға дейін ойын-сауық мекемелерінде
 болуы заңды өкілдеріне үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23:00-тен таңғы 06:00-ға дейін болуы заңды өкілдеріне ескерту жасауға әкеп соғады.

3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –заңды өкілдеріне он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

Жоғарыда аталған заңды нормативтік құжаттардың мақсаттары мен міндеттерін толық баяндап  жастар арасында тәртіп орнату, тұлғалардың дербес жауапкершілігін арттыру, қылмысты болдырмау жолдарын дамытып, жандандыру ол сіздермен біздің бірлесе отырып жұмыс жасағанда ғана жүзеге аспақ. Сонда жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтар азайып  құқылы, дербес орта өмір сүреді. Сондықтан да білім алушы жастар Отанға деген сүйіспеншілік патриотизм, танымының заңдылықтарын игеру тиіс екені түсіндірілді. 

Жолда жүру ережесі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, квадрацикл, мотоцикл, басқа да жеңіл көліктерге 21 жасқа толғанда ғана жүргізуге рұқсат болатынын түсіндіріп айтты. Заңға бағынбаған оқушылардың ата-аналарына айыппұл салынып, ата-аналары заң алдында жауапқа тартылатыны жайында ескертіліп, айтылды. 



 




                  Құқықтық тәрбие менеджері:                                   Н.Маликов