"STOP bullying" » А.Саттаров атындағы орта мектеп
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"А.Саттаров атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
январь
2024

"STOP bullying"

Кәмелетке толмаған жастар арасында құқық бұзушылықпен қылмыстың алдын алу және ескерту, сондай-ақ оларға қатысты жасалатын қылмыстың, тәртіп бұзушылықтың жолын кесу мақсатында 2024 жылдың 31 қаңтар күні  А. Саттаров атындағы орта мектебінің мәжіліс залында 9-10 сынып оқушыларының қатысуымен "STOP bullying" атты ұлдар арасында профилактикалық іс шарасы, түсіндірме жұмыс, жиын өтті. Жиынға Қаратұрық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Қ. Әлтай, ауылдық округ әкімі аппаратының жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушы Г.Мансурова, мектеп психологі З.Зульярова мен
 Г Иманкулова  және МДТІЖ орынбасары М.Мангатаева  құқықтық тәрбие менеджері Н.Маликов қатысты. Жиын барысында сөз алғандар оқушыларға заңда белгіленген құқықтық тәртіп, құқық бұзушылық жасағандарға белгіленген жаза түрлері, мектеп ішіндегі ішкі тәртіп және т.б туралы айтып түсіндірді