Қыздар жиналысы » А.Саттаров атындағы орта мектеп
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"А.Саттаров атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
апрель
2024

Қыздар жиналысы


Алматы облысының білім басқармасының 
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
« А.Саттаров атындағы орта мектеп – мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі

Қыз бала тәрбиесінің ерекшелігі, қыздарға тән мінез-құлық, қыз бала мәдениеті, қыз баланың қоғамдағы орнын айырықша түсіндіріп, эстетикалық тәрбие беру мақсатында А, Саттаров  атындағы орта мектебінде  05  сәуір  2024   "Жасөспірім қыздардың гигиенасы" қыздар жиналысы өткізілді.
Жиналыста директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Мангатаева  күн тәртібіндегі негізгі сұрақтармен таныстырды және жаңа оқу жылында атқарылатын жұмыстарға тоқталып, мақсат міндеттерді атап өтті.
Мектеп психологтары З.зульярова мен Иманкулова Г, мектеп медбикесі  Н.Сулейменова қыз баланың жеке гигиенасы, сұлулық сырлары, мәдениеті, тәрбиесі, сөйлеу әдебі, тақырыптары бойынша кеңестерімен бөлісті. «Қыздардың жеке гигиенасы кеңес»  отырысына Қаратұрық ауылдық емхана қызметкерлері   аға медбикесі  Ушурова Эльмира және  акушер – генеколог  Хуршудова  фарида өз сөзінде:қыздарға жеке бас гигиенасы туралы және қыздардың бойындағы ерекше қасиет ана болу мәселесі жайында ашық түрде әңгіме жүргізіп, көптеген кеңестер берді. Кеңес беру барысында қыздардың сән қумай, бояуды бытыстырып жақпай, денеге жабысқан киім кимеу, етегі қысқа киімдер кимеу, шашатарын жайып, өздерін сорақы көрсетпей, айналасындағыларға боянып сыланып әдемі көрініп, ер адамдардың өздеріне көңілін аударып, ерте жастан жеңілтек атанбау үшін, өз бойындағы табиғи сұлулықты сақтау керектілігі айтылып түсіндірілді. Сонымен қатар еркекпен ерте жақындасудың зардабы да, салдары да көп. Ойда жоқта жүкті болып қалу – жас қыздардың денсаулықтарын құртады, көптеген жағдайларда өмірлеріне қатты нұсқан келтіреді. Тұңғыш рет баланы алдырып тастау, яғни аборт жасату - әйелді бедеу етуі, түсініктірек айтсақ екінші рет бала бітпеуі мүмкін. Қазір бедеулікке тұңғыш біткен баланы алдыртып тастау себепкер болып отыр деп өз сөздерін аяқтады.
Ең бастысы  қыз балаларға жақсы мінез, салауатты өмір салтын сақтауды қалыптастыру, дұрыс күтім жасауға үйрету.