5 сыныптардың орта буынға бейімделуіна педконсилиум » А.Саттаров атындағы орта мектеп
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"А.Саттаров атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 5 сыныптардың орта буынға бейімделуіна педконсилиум
05
февраль
2024

5 сыныптардың орта буынға бейімделуіна педконсилиум

Мектеп оқушыларының өмірінде 5-сынып бейімделу кезеңі өте өзекті. Оқушы үлкен өмірге өтіп, балалықпен қоштасады.Орта мектепте оқыту түбегейлі өзгеріске ұшырайды: балалар негізгі мұғалімнен сынып жетекші немесе таныс емес пән мұғалімдері жүйесіне, жиі кабинеттік жүйеге, жаңа пәндерге, қосымша жүктемелерге ауысады. Алайда барлығына үйрену керек! Осының барлығы оқушыдан өзін-өзі басқаруды, көңіл бөлуді талап етеді. 5-сынып оқушыларына психологиялық қолдауды талап етеді, себебі ол балалық пен жасөспірім кезеңінің қажетті көпірі. Сондықтан бағдарлама бойынша құрылған психология сабақтары жеке тұлғаның жаңа ортада, «үлкендер ортасында» дамуы және орта буындағы тәртіп ережесіне жеңіл қалыптасуына бағытталған.
А.Саттаров атындағы орта мектепте 5 сынып оқушылардың орта буынға бейімделуі бойынша педконсилиум өтті. Педконсилиум барысында мектеп психологы З.Зульярова 5- сынып оқушыларының ора буынға бейімделуібойынша таныстырылым көрсетіп, оқушылармен жүргізген жұмыстарға кеңінен тоқталды. 
Сынып жетекшілер және пән мұғалімдері сыныптардың оқу үлгерімі, сапасының бастауыш сыныптағы және І жартыжылдықтағы қорытындысы бойынша салыстырмалы түрде талдау жүргізді.
Педконсилиум соңында 5 сынып оқушыларының орта буынға бейімделуіне қанағаттанарлық баға беріліп, үлгерімі төмен оқушылармен жүйелі жұмыс жүргізуге ұсыныс айтылды.