08
октябрь
2024
"Әрекет уақыты" облыстық балалар құрылтайы
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қаратұрық ауылы "А.Саттаров атындағы орта мектеп" КММ Мектеп парламентінің ақпарат министрі Өмірзақ Аружан 08.10.2024 күні Талғар қаласындағы мәдениет үйінде Алматы облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен Мектептегі өзін өзі басқару көшбасшыларының "Әрекет уақыты" облыстық балалар құрылтайына қатысты. Басты мақсаты: мектептегі өзін-өзі басқаруды және балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту, қалыптастыру, тәжірибе алмасу алаңын құру. Мектептің өзін-өзі басқару көшбасшыларының жұмыс тәжірибелерімен, мектептегі өзін-өзі басқару қызметінің озық тәжірибесін анықтауға ат салысып,өз пікіріммен бөлісті. Фракцияларды қорғау жұмыстары өткізілді. Құрылтай жоғары деңгейде өтті әр аудан көшбасшыларымен танысып тәжірибе алмастық.Ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз .@almatyoblbilim