«Табысты басшы» жобасы аясында «Заманауи мектепті басқарудағы инновациялық қадам» тақырыбында жас мектеп басшыларына арналған облыстық іс-тәжірибелік алаңы » А.Саттаров атындағы орта мектеп
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"А.Саттаров атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Табысты басшы» жобасы аясында «Заманауи мектепті басқарудағы инновациялық қадам» тақырыбында жас мектеп басшыларына арналған облыстық іс-тәжірибелік алаңы
30
ноябрь
2022

«Табысты басшы» жобасы аясында «Заманауи мектепті басқарудағы инновациялық қадам» тақырыбында жас мектеп басшыларына арналған облыстық іс-тәжірибелік алаңы

Алматы облысы білім басқармасының облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2022 жылдың 30 қараша күні
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі «А.Саттаров атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Табысты басшы» жобасы аясында «Заманауи мектепті басқарудағы инновациялық қадам» тақырыбында жас мектеп басшыларына арналған облыстық іс-тәжірибелік алаңы өткізілді.
Мақсаты: Сапалы білім беру үшін ұжымның әрбір мүшесін ортақ мақсатқа жұмылдыру жетістікке жетелеуге сәйкес ұжымды басқарудың нысанын ұйымдастыру.
Қонақтар білім алушылар тарапынан ұйымдастырылған шағын концерттік бағдарламаны тамашалады. Іс-тәжірибелік алаңды облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскері А.Аллажаров қазіргі таңдағы білім берудің жаңаша моделінің қалыптасуы, білім саласындағы мектеп басшыларының кәсіби құзыреттілігінің ролі бағытында сөз сөйлеп ашты. А.Саттаров атындағы орта мектептің директоры А.Н.Сарыбаева «Заманауи мектепті басқарудағы инновациялық қадам» тақырыбында өз мектебіндегі басқару мен басшылықтағы инновациялар туралы таныстырылым көрсетті. О.Жандосов атындағы орта мектептің директоры А.Т.Джамешева, бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші А.Ж.Токкожаева «Lesson Action Research практикада» тақырыбында іс-тәжірибесімен бөлісті.
А.Саттаров атындағы орта мектептің тренерлері З.Саметова, А.Хизирова, Ч.Керимкулова «ТЭД» WORLD –кафе жұмысы арқылы мектеп басшыларымен практикалық жұмыс жүргізді.
Іс-тәжірибелік алаңды соңында Еңбекшіқазақ аудандық әдістемелік кабинет меңгерушісі А.Тортаева қорытынды сөз алып іс-шара – мектеп басшыларын ынтымақтастырып, жаңа идеялар мен тәжірибелерді бөлісуде кәсіби өсуіне ықпал ететін практикалық шеберхана болғандығын айтып ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.