Оқушылардың тамақтануы » А.Саттаров атындағы орта мектеп
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"А.Саттаров атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
ноябрь
2023

Оқушылардың тамақтануы

Мектептің асханасы 120 орындық.Тамақ пісіру, азық түлік сақтау бөлмелері бар. Асхананы жалға алушы Г.Рузиева.  Асхана аптасына 5 күн: бірінші және екінші ауысымда жұмыс істейді.
Күнделікті тамақ пен ас мәзірін және оның берілуін мектеп медбикесі А.Исмаилова және әлеуметтік педагог Е.Қаракөз қадағалайды.Тамақтану бірінші ауысымда сағат 10.10-10.20 аралығында, екінші ауысымда сағат 15.40-15.50 аралығында кезекші мұғалімдер мен сынып жетекшілерінің көмегімен жүзеге асырылады.Бір балаға арналған тамақтың құны 1+4 сыныптарда 500 теңге, 5-11сынып оқушылары үшін 550 теңгеге есептелінген . Мектепте жұмыс жасап отырған асхана санитарлық ереже талабына сай.Технологиялық құралдармен, тамақ пісіретін қажетті электр плиталары, ыдыс- аяқтар және тоңазытқыштармен қамтылған. Асхананың материалдық -техникалық базасы жақсы деңгейде.Қойма бөлмесі, мұздатқыш жұмыс жасап тұр. Тамақ асханада дайындалады. Асханада 2аспазшы,1кассир,2 наубайшы,1 ыдыс жуушы,1 еден жуушы қызмет етеді.Аспаздың кәсіптік білімі бар. Жасөспірімдердің тамағының нәрлілігі мен құрамы талапқа сай болуы үнемі басты назарда. Асханада ас мәзірінің орны белгіленіп, күнделікті берілетін дәруменді тамақтар мен жеміс жидектердің ауысып келіп отырылуын мектеп әкімшілігі басшылықта ұстайды.Тамақ пісіруде йодталған тұз пайдаланылады. Сүт өнімдері де белгіленген нормаға сәйкес берілуде. Экологиялық таза сумен қамтылған.Асхананың жұмыс істеуіне қажетті бұйрықтар шығарылып,ыстық тамақпен қамтылған оқушылар тізімі мен тамақтану кестесі жасақталды.