Қамқорлық кеңесінің жоспары бойынша мектеп асханасының тамақтану мәзірі мен санитарлық жағдайын қадағалау мен тексеріс қорытындысы. » А.Саттаров атындағы орта мектеп
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"А.Саттаров атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қамқорлық кеңесінің жоспары бойынша мектеп асханасының тамақтану мәзірі мен санитарлық жағдайын қадағалау мен тексеріс қорытындысы.
07
октябрь
2023

Қамқорлық кеңесінің жоспары бойынша мектеп асханасының тамақтану мәзірі мен санитарлық жағдайын қадағалау мен тексеріс қорытындысы.

Қатысқандар: 
1. ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕС ТӨРАЙЫМЫ : Г.Бексырғаева 
2.Ата - аналар комитетінің  төрайымы Ө.Теңізбаева
3.Қамқоршылық кеңес мүшесі : А.Муканова 
4Әлеуметтік педагог Қ.Ерлан 
5.МДТІЖО   М.Мангатаева 
Мақсаты: мектеп асханасының мәзірі мен тамақтардың дайындалу сапасы мен тазалықтың сақталуын қадағалау
Қамқорлық кеңесінің қадағалауы мен тексеріс барысында төмендегідей жағдайлар анықталды.
«А.Саттаров атындағы орта мектебінде қазан айы    бойынша  07  күні асханаға  әкімшілік ,қамқоршылық кеңес  мүшелерімен   тексеріс өтті. Мектепте тегін тамақпен қамтылған 606 оқушы бар. Бұл тізімде аз қамтылған  жағдайы төмен  оқушылар, көп балалы отбасынан шыққан оқушылар.Мектеп асханасы  5 күндік жұмыс кестесімен жұмыс жасайды. Асханада І кезең, ІІ-кезең  болып екіге  бөлінеді.  Мектеп асханасы -120 орындық .
«Дайын тамақтың сапасына бақылау» (бракераж) журналының  толтырылуына  да тексеру жүргізіліп отыр.
Тексеріс барысында асхана толық ас мәзірі арқылы жұмыс атқарды.
Ыстық тамақ  ас мәзірі бойынша  беріледі.
Тексеріс барысында талапқа сай ас мәзірі берілді. Дастархан оқушыларға толықтай жайылған.
Ескертулері асхана қызметкерлеріне айтылды. Тамақтану мен тамақ пісіру орны талапқа сай, тазалық  жасалынып,дезинфекцияланады. Оқушыларға берілетін  тағамдар сапасы мөлшерге сай ас мәзірі бойынша үнемі өзгеріп отырады.
Оқушылар  сүзгіден өткен тазартылған  су  тұтынады. Мектеп асханасының санитарлық талаптарының, залалсыздандыру жұмыстарының толық тиісті дәрежеде жүргізілуіне және асхана қызметкерлерінің жеке бас гигиенасын  сақтауы да уақытылы қадағаланып тұрады. Асханада 10 қызметкер  жұмыс жасайды. Медициналық бақылаудан өткен, санитарлық кітапшалары реттелген, арнайы киімдермен қамтамасыз етілген. Тексеру кезінде шикі тағам сақтайтын бөлмелердің тазалықтары, азық-түліктердің сақталу мерзімінің дұрыстығы, сүт, май, ет тағамдарының тоңазытқышта сақталу жайы да тексерілді.
Оқушылар асханаға қойылған кесте бойынша асханаға келеді.
Оқушылардың қол жууына, қол кептіруіне жағдай жасалынған.
Мектеп асханасының  кестесіне сай кезекшілік атқарылады. Мектеп әкімшілігі кезекшілік  белгіленген уақытта кесте бойынша  кезекшілік  атқарылады. 
Мектеп медбикесі  таңертеңгі піскен тамақтың сынамасын алып, тексеріп отырады және арнайы бракераж журналына  жазады.
 Бракераждық комиссиямен тексеру кезінде мектеп асханасында тыйым салынған тағамдардың (шұжық өнімдерін, шұжықшалар мен құрамында табиғи  бояғыштар,консерванттар , хош иістендіргіштер, дәмді күшейткіштер, тәттілендіргіштер  бар өзге де өнімдерге) мектеп асханасында қазірге таңға дейін  анықталған жоқ.
Асханада тыйым салынған тағамдар тізімі бар.
• Тамақ мәзірі бойынша барлық талаптар сақталған.
• Аспазшылардың медициналық тексерістен өткен кітапшалары бар.
• Тамақтанатын ыдыстар таза, ыдыс жуатын орындар талапқа сай орнатылған.
• Тамақтың дайындалуына жауапты адамдардың арнайы білімдері бар.
• Тамақтарды сақтау бойынша арнайы тоңазытқыштар мен жеке қойма орындардың бар екені анықталды.
• Алынған тағамдардың барлығының сақталу мерзімі көрсетілген. 

Шешімі:
1.Мектеп асханасындағы тамақтың сапасы және тазалық жағдайының  тексерілуі қанағаттанарлық .
2. Күнделікті дайын тамақтың сапасын бақылау комиссиясының жұмысы ары қарай жалғасын тапсын.
3. Тегін ыстық тамақпен қамтылған оқушылардың уақытында келіп тамақтануын және тамақты тауысып ішулерін  қадағалау сынып жетекшілеріне міндеттелсін.
4. Сынып жетекшілер  асханада оқушыларды өзін қалай ұстау керек туралы сынып сағаттарын өткізу туралы ұсыныс.
Асханаға жауапты:            М.Мангатаева