«Шеберлер сабағының шеруі» тақырыбындағы облыстық үздік сабақтар марафоны » А.Саттаров атындағы орта мектеп
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"А.Саттаров атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Шеберлер сабағының шеруі» тақырыбындағы облыстық үздік сабақтар марафоны
07
апрель
2023

«Шеберлер сабағының шеруі» тақырыбындағы облыстық үздік сабақтар марафоны

А.Саттаров атындағы мектепте 2023 жылы 7сәуір күні  жалпы орта  білім беру ұйымдарының педагогтарына арналған «Шеберлер сабағының шеруі» тақырыбындағы облыстық  үздік сабақтар  марафоны өтті. Марафонды облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырды.
Марафонның  мақсаты:
Шығармашылықпен жұмыс жасайтын, кәсіби білікті педагог-шебер тәжірибесін насихаттау.
Марафонға аудандық (қалалық) кезеңнің жалпы орта білім беру мекемелерінен бағыт бойынша І орын жүлдегерлері аталған 11 педагог-шебер қатысты.
Қазылар алқасының құрамы:
1.    Иманхатова Гульжихан Жалгасбековна     -    Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының директоры, комиссия төрағасы.Қазылар алқасы
2.    Бухарова Айжан Токеновна     -    Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы директорының орынбасары;3.    Исаханова Шинар Кабиевна     -    Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік бөлімінің басшысы; 4.    Аблесенова Сайлигул Гаппаровна     -Алматы қаласы бойынша «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының  әдіскері;5.    Мухамедьярова Майраш Кобеновна-Алматы облысы, Педагогикалық Шеберлік орталығының  аға менеджері6.    Супиева Сажидам  Акимовна - Алматы қаласы бойынша «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының  дербес тренері.Марафон А.Саттаров атындағы орта мектеп оқушыларының дайындаған көнцерттік бағдарламасымен ашылды.
Жүргізуші қатысушыларды таныстырып болғаннан кейін сөз кезегі облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының директоры, комиссия төрағасы Иманхатова Гульжихан Жалгасбековнаға берілді.Г.Ж.Иманхатова байқаудың шарттарымен таныстырып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Қатысушылары сұраныс негізінде күнтізбелік бағдарламаға  сәйкес  бетпе-бет ашық сабақ (15 минут) өткізді.
Марафон қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтады.
8.2. Жеңімпаздар облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының     І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және қатысушы сертификаттарымен марапатталды.
І орынға Еңбекшіқазақ ауданы атынан байқауға қатысқан орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Амарова Дамира Вазировна ие болды.