Ағылшын тілі пән бірлестігінің ғылыми-әдістемелік жұмыс жоспары 2024-2025 оқу жылы » А.Саттаров атындағы орта мектеп
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"А.Саттаров атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ағылшын тілі пән бірлестігінің ғылыми-әдістемелік жұмыс жоспары 2024-2025 оқу жылы
24
сентябрь
2024

Ағылшын тілі пән бірлестігінің ғылыми-әдістемелік жұмыс жоспары 2024-2025 оқу жылы


«А.Саттаров атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ




Бекітемін 

Мектеп директоры 

_____________ 

А.Н.Сарыбаева



Ағылшын тілі пән бірлестігінің   ғылыми-әдістемелік жұмыс жоспары








Әдістемелік бірлестіктің жетекшісі

Аюп Д.Д.









2024-2025 оқу жылы 


Мектептің миссиясы: Өмір бойы білім алуға дайын, жоғары моральдық, интеллектуалды және табысты тұлғаның дамуына ықпал ету.

Әдістемелік қызметтің тақырыбы: 

«Педагогтардың үздіксіз кәсіби дамуына жетекшілік ету арқылы оқыту мен оқу үдерісін дамыту.Инновациялық жобалар арқылы нәтижеге бағытталған білім беру негізінде белсенді шығармашылыққа бейімделген тұлға қалыптастыру.

Ғылыми-әдістемелік жұмыс мақсаты: 

Педагогтерді  оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде, оларды шығармашылық әрекетке баулуда білім беру саласындағы жаңалықтарды, озық педагогикалық тәжірибені зерттеп, жинақтап, таратуда кәсіби біліктілігі мен теориялық білім деңгейін көтеру ісінде нақты әдістемелік көмек көрсету. 

Міндеттері:

  • Білім сапасын арттырудың инновациялық   технологияларын білім тәрбие беру үрдісіне енгізіп, жетілдіру;
  • Шығармашылық топтардың   жаңа жүйені енгізу және жетілдірудегі жұмыс бағыттарын бекіту, мұғалімдердің  ғылыми- әдістемелік деңгейін, кәсіби біліктілігін, шеберлігін дамыту.
  • Оқыту үдерісін дамыту арқылы нәтижеге бағытталған білім беру.
  • Акт құзіреттілігін тиімді пайдалану.
  • Жеке тұлғаны зертханалық, ғылыми зерттеу жұмыстарына баулу.
  • Үлгермеушіліктің алдын алу және білім беру қызметінің сапасын арттыру.
  • Мұғалімдердің оқытудың цифрлық түрін қолдану  үлесін арттыру.
  • Мектептің инновациялық жоба жұмысын қолға алу.
  • Жоғары оқу орындары  мен  тығыз байланыс жасай отырып, оқушылардың зерттеу-ізденушілік бағытындағы жұмыстарын дамыту;
  • Пәндік олимпиадаға, ғылыми жобаға дайындықтың тиімді тәсілдерін қарастыру. 
  • Мұғалімдердің шығармашылық кезеңдер жоспары бойынша жұмыстарының жүйелі жүргізілуін, өз іс-тәжірибесін өзіндік  жұмыстары (авторлық бағдарлама, жинақтар, әдістемелер) арқылы жинақтап, қорытындылауын қолға алу.
  • Күнделікті білім   беру үрдісінде әлеуметтік желілерді, ұлттық сервистердіQR-кодтау технологиясын тиімді қолдану.
  • Әр бірлестікте инновациялық жобалармен жұмысты енгізуді қолға алу.







Ағылшын тілі пән бірлестігінің тақырыбы

«Сыңдарлы оқыту  аясында оқушыларды ғылыми ізденіске жетелеу, инновациялық технологиялар арқылы нәтижеге бағытталған білім беру негізінде белсенді шығармашылыққа бейімделген   тұлға қалыптастыру»


Бірлестіктің миссиясы:

«Сындарлы оқыту  мазмұны аясында  жаңа ақпараттық технология арқылы оқушылардың ағылшын тілін үйренуге деген ынты-ықыласын арттыру және жан-жақты  дамыған, сыни көзқарасы қалыптасқан  тұлға қалыптастыру» 


Әдістемелік бірлестіктің мақсаты: 

Оқушылардың жоғарғы білікті техникалық және кәсіптік білім алуға қол жеткізуді қамтамасыз ету және олардың қызығушылығын арттыру.

1..Бірлестік мұғалімдеріне жан-жақты әдістемелік көмек көрсетіп, олардың ұстаздық іс-тәжірибесін терең меңгеруін қамтамасыз ету.

2.Ұстаздардың үнемі өзіндік саяси, теориялық және әдістемелік білімін көтеріп отыруына дұрыс бағыт-бағдар беру.

3.Озат іс-тәжірибелерді жете қадағалап, олардың тиімділерін мектеп өміріне енгізу жұмыстарын мүмкін ету.

4.Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын мектепте оқып-үйренуді қамтамасыз ету.

  1. Нормативтік акт құзіреттілігін тиімді пайдалану
  2. Жеке тұлғаны зертханалық, ғылыми зерттеу жұмыстарына баулу
  3. Үлгермеушіліктің алдын алу және білім беру қызметінің сапасын арттыру













Міндеттері:

1. Жеке тұлғаны қалыптастыру мен дамыту бағытында жасалған   педагогикалық ғылым мен іс-тәжірибедегі жетістіктерді оқып үйрену.

2.Мұғалімдердің кәсіптік шеберлігін шыңдауын және өзін-өзі жетілдіруін қамтамасыздандыру.

3. Мұғалімдердің шығармашылық тақырыбына байланысты ізденіс жұмыстарын толықтыру, мұғалімдердің кәсіби біліктілік деңгейін дамыту

4.Тілдерден оқушылардың білімі мен біліктілікті, дағдыны сапалы игеруді қамтамасыз ету жолында оқу-дамыту ортасын құру.

5.Қазіргі заман талабына сай оқушылардың білімін жан-жақты тереңдету арқылы оқушылардың ізденімпаздық қабілеттерін дамыту.

6. Дарынды оқушылармен жеке жұмыстар жалғастыру, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жандандыру, шығармашылығын арттыру

7. Үлгерімі төмен  оқушылармен жеке жұмыстар арқылы білім деңгейін көтеру

8. Ағылшын тілі пәнінен  ҰБТ және ҚО-ға дайындық жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу

9. Жас мамандар мен жұмысты жандандыру

10.Күнделікті білім беру үрдісінде әлеуметтік желілерді, бұлтты сервистерді, QR-кодтау технологиясын, білім платформаларды   тиімді қолдану

Жұмыстың нысандары :

 теориялық семинар

 семинар-практикум

 әдістемелік күндер

 мастер-класс

 ашық сабақтар

сыныптан тыс іс-шаралар

тренинг

тәлімгерлік

жеке шығармашылық тақырып бойынша жұмыс

өз  білімін жетілдіру 










Жұмыстың негізгі бағытары

Іс-шаралар

Жауаптылары

Орындау мерзімі

1

Ғылыми–әдістемелік жұмыстың нормативтік-құқықтық қамтамасыз етілуі, ұйымдастыру

1Қазақстан Республикасында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы»  ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен (ҚР Оқу-ағарту министрінің   12.08.2022 ж №365;   30.09.2022ж. №412 бұйрығымен енгізілген өзгерістермен) бекітілген Үлгілік оқу жоспарларымен (Бастауыш 264 бұйрықтың 1-3 қосымшалары, 5-9 сынып 365 бұйрықтың 6-8 қосымшалары, 10-11 сынып 412 бұйрықтың 38-43 қосымшалары) танысу.

Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы  16 қыркүйектегі №399 бұйрығына өзгерістер енгізілген 2023 жылғы 5 шілдедегі №199 бұйрығы  басшылыққа алу.

Әдістемелік нұсқау хатпен танысу

Оқу жылының басталуы туралы бұйрықпен танысу


ӘБ жетекшісі

пән мұғалімдері

Жыл бойы


Тамыз

Қыркүйек 









Жыл бойы 

2

Әдістемлік бірлестік отырысы

№1

  1. Білім сапасы: төмендеу себептері және өсу жолдары.

  2.« 2024-2025оқу  жылына арналған әдістемелік нұсқау хат, бағдарламалармен танысу.

3. Ағылшын тілі пән бірлестігінің жобасы

4. ҰБТ  қорытындысы туралы 

5. Тілдер күнін жоспарлау / Тілдер күнін ұйымдастыру/

6. Бастапқы бақылау жұмысын  дайындау және алу

7. Жаңа оқу жылына кабинеттерді дайындау 

8.«Педагог мәртебесі.Педагогикалық әдеп қағидалары»Педагогтың функционалдық міндеттері

ӘБ жетекшісі

Аюп Д

пән мұғалімдері


тамыз

№2

 1. «SMART оқу жақсы нәтижелерге жету үшін білім берудеггі жаңа көзқарас»-баяндама Баруллаева Д

2.Мұғалімдердің күнтізбелік-тақырыптық жоспарларын бекіту, ҚМЖға қойылатын талаптар.

3. Брлестік жоспарын талқылау және бекіту 

4.Тілдер күні 

5. Үлгерімі  төмен оқушыларға жұмыс жоспарын құру

6. Әдістемелік оқулықтар

ӘБ жетекшісі 

Аюп Д

Баруллаева Д

пән мұғалімдері


қыркүйек 

№3

1.      Жасанды интелект. Теория және практика 

2.      . І тоқсан бойынша ТЖБ модерациясы

3.Бастапқы бақылау жұмысының қорытындысы 

4.Бастапқы сынақ тесттерінің қорытындылары

5. 1-тоқсан бойынша үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс нәтижелері. Мониторинг  

6.Мектепішілік пәндік өребәйгені ұйымдастыру

7. Әдістемелік оқулықтар 

Аюп Д

пән мұғалімдері




Ботыбаева Д

Оразалы Н


қараша

№ 4

1.Сыныптан тыс жұмыстардың білім сапасы мен танымдық белсенділігін арттыруға әсері
2.ІІ тоқсан бойынша ТЖБ  модерациясы

3.9,11 сыныптардағы сынақ тесттерінің талдау 

4. Мектепшілік және аудандық олипиадаларының рәтижесі 

5. 1 -жартыжылдық бойынша үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс нәтижелері.

6.  Жобаның орындалу барысын қадағалау  
7. Оқушылардың жұмыс дәптерлерінің тексерілуі 

8. Әдістемелік оқулықтар 

пән мұғалімдері


Аюп Д


Авутова Х


Манапова Э



қаңтар

№ 5

1. Ағылшын тілі пәнінің заманауи оқытудың әдіс-тәсілдері 

2. ІІІ тоқсан бойынша ТЖБ  модерациясы 

3. 9,11 сыныптардағы қорытынды аттестацияға дайындық жұмыстарының жүргізілуі

4. 3-тоқсан бойынша үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс нәтижелері. Мониторинг

5. Жобаның орындалу барысын қадағалау /нәтиже/

6.Әдістемелік әдебиеттерге шолу


Аюп Д

пән мұғалімдері


Адил М

Авутова Х

наурыз

№ 6

1.Жылдық жұмыс бойынша модерация

2. Әдістемелік бірлестіктің жылдық жұмысының есебі.

3.Қорытынды аттестаттау-2025

4..Келесі оқу жылына қойылатын SMART мақсат

5.Үлгерімі төменоқущылар мен жұмыс нәтижесін SWOT талдау 

6. Келесі оқу жылына бірлестік жүмыс жоспарының жобасы  

пән мұғалімдері


Аюп Д


Исрандинова Г

мамыр

3


Оқу- 

әдістемелік жұмыс 

1.Күнтізбелік-тақырыптық жоспарларды құру, кабинет жоспарларын бекіту

2.Білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтарды жою және  оқу шығындарын қалыпқа келтіру жұмысының жоспарын құру     

3.Сабақ жоспарлары,жаңартылған білім мазмұны бойынша  қмж,ұмж,омж ретке келтіру

4.БЖБ және ТЖБ жұмыстарды дайындау, өткізу және модерация жұмыстарды     әзірлеу

5.Мектепішілік пәндік олимпиада өткізу

6.Пәндердің оқу  жоспары     бойынша берілу деңгейі, тоқсандық,      мемлекеттік оқу бағдарламасының орындалуын тексеру

7.Сабақ жоспарлары,  дидактикалық тапсырмаларды реттеу    

8.Өз ара сабақтарға қатысу 

9.Бақылау жұмыстарының мониторингі  

10.Жаңартылған білім мазмұны бойынша семинарларға қатысу, үздік сабақтарды басылымдарға жариялау        

11.Электрондық оқулықтардың сабақта қолданылуын тексереу

12.Әдістемелік бірлестіктің жұмысының рейтингі

пән мұғалімдері

ӘБ жетекші

пән мұғалімдері

ӘБ жетекші



пән мұғалімдері

қыркүйек

тоқсан бойы 

қыркүйек

қазан

жартыжылдық бойынша 

әр айда 

қыркүйек


жыл бойы




тоқсан бойы

4

Мектепішілік бақылау 

Ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың оқу үрдісін ұйымдастыру

Зерттеуді жүргізу жоспарын іске асыру

Тәлімгерлік жүйесі қызметінің тиімділігі

ӘБ жетекші

пән мұғалімдері

МДОІЖДО

Р.Турсунова

Г. Манапова 

25-29.08

Бастапқы әкімшілік бақылау жұмысы

ҚР БЖҒМ  2022 жылғы     3 тамыздағы   № 348 бұйрығы

Ерекше білім беруді қажет ететін оқушылар мен үйден оқыту бойынша жұмыс құжаттарды реттеу 

2024-2025 оқу жылының қорытындысы  бойынша    төменгі пайыз берген 7д, 9в, 9гсыныптары мен оқу пәндерін бақылау

Білімдегі олқылықтардың  орнын толтыру мен үлгерімі нашар оқушылармен  жұмыс жоспары, оның жүзеге асырылуы


МДОІЖДО

Р.Турсунова

Г. Манапова

03-13.09



16-20.09

Өткізілген БЖБ,ТЖБ қорытындылары бойынша талдау жұмыстары

МДОІЖДО

Р.Турсунова

Г. Манапова

18.10-28.10

20-27.12

07-15.03

20-27.05

.Күнделік.кз,таңдау және үйірме,үйден оқытуға арналған журналдардың, күнделіктердің толтырылыуын бақылау:

-жүргізу тәртібі

-Баға қоры және объективтілігі

-Бақылау жұмыстарының нормасы

-тоқсандық баға

-мәліметтердің толтырылуы

МДОІЖДО

Р.Турсунова

Г. Манапова

04.11-08.11

23-27.12

18-20.03

18-22.05

5 сынып алушыларының бейімделудегі психологиялық ортаны білім зерттеу қорытындысы

Мұғалімдердің  халықаралық зерттеулерге дайындық жұмысы

МДОІЖДО

Р.Турсунова

Г. Манапова

06-25.11

Оқушы дәптерлерінің  жүргізілуі

МДОІЖДО

Р.Турсунова

Г. Манапова


ҰБТ-ға дайындық жұмыстарының жай-күйі 

Халықаралық зерттеулер бойынша мұғалімдердің  дайындық жұмыстары.

ОЖСБ, PISA, ТИМСС бойынша дайындық жұмыстарының жүргізілу деңгейін анықтау

ӘБ жетекші

20-24.01

23-27.05

Білім алушылардың қорытынды аттестаттауын өткізу

Үйде оқыту бойынша оқу бағдарламаларының орындалуы.


МДОІЖДО

Р.Турсунова

Г. Манапова

5-12.05

19-22.05

5


Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру, ұйымдастыру, аттестациядан өтуі

Курстан өту кестесін құру              

Мұғалім портфолиосын тексеру    

Сабақтарға қатысу   

Кесте бойынша курстан өту           

Өз білімін жетілдіру жолдары        

Аттестациядан өтетін мұғалімдердің тізімін анықтау

Құжаттарын реттеу

Сабақтарына қатысу

Портфолиосын тексеру

Шығармашылық есебін тексеру

пән мұғалімдері

Қыркүйек 

кесте бойынша


кесте бойынша 


қазан, наурыз


қазан, наурыз

6

Педагогикалық шеберлікті арттыру, озық педагогикалық тәжірибені тарату жұмыстары

Педагогикалық қаууымдастық жұмыстарына белсене қатысу

Баспасөзге мақала жариялау

Шебер-сынып, коучинг, семинарларды өткізу

«Білім беруде ақпараттық оқыту әдістемесін қолдану жүйелері» іс- тәжірибе алмасу Жаңашыл ұстаз-2024 » ұстаздарының байқауы қатысу

«Үздік бірлестік жетекші-2024 » бірлестік жетекшілер байқауы

«Жылдың үздік мұғалімі-2025»  мектеп     ұстаздарының байқауы

«Педагогикалық шеберлікті жетілдіру арқылы оқушының дарындылығын зерттеу және дамыту»

Шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдерді көтермелеп отыру, іс-тәжірибесін тарату

Мұғалімдерді мектепішілік «Шығармашыл мұғалім-2025» байқауына қатыстыру

Ағылшын тілі пән бірлестігінің он күндігі " 4К моделі- сыни ойлауды,креативті ойлау,қарым -қатынасты және ынтымақтастықты өлшеу құралы"

Пән мұғалімдері




Жыл бойы

Жылына 4 рет


Желтоқсан 

Қаңтар

Ақпан 

Жыл бойы






02-12.12

7

Жас мамандармен жұмыс

Жас мамандар тізімін анықтап, бекіту

Жас мамандарға тәлімгер мұғалімді  бекіту

Жұмыс жоспарын талқылау, бекіту 

Жұмыс жоспары  бойынша     іс-шараларды өткізу

Аудандық «Педагогикалық тандем» байқауына қатысу

Жас мамандарды  тәлімгерлер сабаққа қатыстыру, әдістемелік көмек көрсету   Сабақтарға қатысу

Есеп беру 

пән мұғалімдері

қыркүйек


жыл бойы


жоспар бойынша

мамыр

8

Сындарлы оқытуды қамтамасыз ету


1. Сындарлы оқытудың тәсілдері: қалай     және нені оқыту керек? дөңгелек үстел

2. Сабақты зертеу бойынша шығармашылық топтар құру

3..Сабақты зерттеу бойынша сабақ көрсету

5.Мектептің   педагогикалық қоғамдастығымен жұмыс жүргізу          

6.Сындарлы оқытуда интербелсенді әдістерді тиімді қолдану

8 Шебер-сынып:« Кәсіби  педагогикалық АКТ-мұғалімнің құзіреттілігі

11. «Әдістемелік идеялар фестивалі» жылдық қорытынды

Пән мұғалімдері

ӘБ жетекшісі 


Тренерлер, 

Пед.қаум.



Пед.қауымдастық

Пед.қауымдастық

З.Саметова

Қыркүйек 


Кесте бойынша

желтоқсан

қыркүйек

қазан

қаңтар

ақпан 

наурыз

сәуір

9

Дарынды балалар мен жұмыс

Дарынды балалар мен жұмыс жоспарын құру, тізімін анықтау            

Жоспар бойынша пән мұғалімдеріне жұмыс жүргізу     

Мектепішілік өребәйгеге қатысатын оқушыларға сұраныс беру          

Ағылшын тілі пәнінен мектепішілік өребәйге ұйымдастыру

Аудандық, қашықтық өребәйгелерге оқушыларды қатыстыру

«Британский бульдог», «Кенгуру-лингвист», 

Жоспар бойынша жұмыстың     жүргізілуін тексеру

пән мұғалімдері

қыркүйек

жеке жоспар бойынша

қараша


жоспар бойынша

10

Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс

Үлгерімі төмен оқушыларды пән мұғалімдеріне анықтап  жұмыс жоспарын бекіту 

Үлгерімі төмен оқушылармен жүйелі жұмыс жүргізу    

Жоспар бойынша жұмыс    пән мұғалімдердің жеке жұмыстары арқылы үлгерімі төмен оқушылардың білім сапасын арттыру

пән мұғалімдері

жеке жоспар бойынша

11

Үштілдік немесе билингвальды оқыту  бойынша жұмыс  


Нормативтік, нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды базасын құру 

ЖМБ-ғы пәндерін ағылшын тілінде оқытатын пән мұғалімдермен   тәлімгерлік бойынша жұмысты жалғастыру

ЖМБ  пәндер мұғалімдермен тәлімгерлік жұмыс жоспарын бекіту 

«Көптілділік – жеңіске апарар жол» тақырыбы бойынша эссе, шығармалар байқауы

«Ағылшын тілі менің болашақ маманыма не үшін қажет?»  (оқушылар арасында конференция)

ЖМБ-ғы пәндерін ағылшын тілінде оқытатын пән мұғалімдермен   тәлімгерлік бойынша жұмысты жалғастыру

Аудандық, облыстық, халықаралық, қашықтық оыйндарға, олимпиадаларға, сайыстарға қатысу

ӘБ жетекші




пән мұғалімдері

Адил М

Оразалы Н

қыркүйек

жыл бойы

2 аптада 1 рет 

қараша

жыл бойы

мамыр

12

Қорытынды аттестаттау,     ҰБТ

Жұмыс жоспарын бекіту

Құжаттармен таныстыру

Кесте бойынша қосымша сабақтар жүргізу         

Бастапқы тест сынағы және оның мониторингі  

Кесте бойынша қосымша сабақтар өткізу, тесттерге сараптама жасау

Оқушылармен ОЖСБ, ҰБТ сынақ тесттері,қорытынды аттестаттау тест үлгілерін талдау

Кесте бойынша қосымша сабақтар жүргізу

Әдістемелік аптаға қатысу 

пән мұғалімдері

қыркүйек



жыл бойы


жоспар бойынша

13

Сыныптан тыс жұмыс

Білім күніне арналған  сынып сағаттарына қатысу         

Тілдер мерекесіне арналған іс-шараларды ұйымдастыру, Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиындарға  қатысу

Тәрбие жұмысының «Мәңгілік Ел», «Рухани жаңғыру», құқықтық тәрбиеге арналған іс- шараларының жоспары бойынша  жұмыс жүргізу                        

 Жеңіс күнінен орай өтетін іс-шараларға белсене қатысу

«The day of languages” іс шарасын мұғалімдермен өткізу

5-7 сыныптар арасында ”Funny English” іс шарасын өткізу

пән мұғалімдері


Баруллаева Д

Ботыбаева Д

Адил М

қыркүйек


қараша


жыл бойы

наурыз

сәуір

мамыр

14

4-сынып пен негізгі мектеп арасындағы сабақтастық 


Пән мұғалімдерін бекіту

Сабақтастық бойынша жұмыс жоспарын талқылау, бекіту

4 сыныптардың сабақтарына қатысу, талқылау

Сыныпта тыс іс-шараларды ұйымдастыру, қатысу

4 сыныптарда білім беру сапасын бақылау

  • Пән мұғалімдерінің есебі   МОДО-ға дайындық.  

Сыныптық –қорытынды бақылау Сараптау,талдау

4 – сыныптарда сабақтастық принципінің орындалуын тексеру

Пән мұғалімдерінің есебі

Қорытынды тест жұмыстарын дайындап, өткізу

Есеп беру 

пән мұғалімдері

қыркүйек


жоспар бойынша

02-06.12

16-20.01

Сәуір

02-08.05


мамыр