Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін бос лауазымға тағайындауға конкурс өткізу туралы хабарландыру » А.Саттаров атындағы орта мектеп
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"А.Саттаров атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін бос лауазымға тағайындауға конкурс өткізу туралы хабарландыру
15
февраль
2024

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін бос лауазымға тағайындауға конкурс өткізу туралы хабарландыру

«Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына (өзгерістер мен толықтырулар 15.08.2023 жылғы №259 бұйрық) сәйкес    Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Қаратұрық а.о. Қаратұрық ауылы, Желтоқсан  көшесі №10 құрылысқа  орналасқан «Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «А.Саттаров   атындағы   орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі төмендегі  бос лауазымды орынға конкурс  жариялайды.

Қазақ тілі   пәнінің мұғалімі 18 сағат, жалақысы 170 -180 мың теңге аралығында.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:  жоғары білімді, еңбек өтілі 3 жылдан кем емес, қазақ, орыс, ұйғыр  сыныптарында сабақ бере алатын маман.

Білім беру мекемесі хабарландыру шыққан күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде бос лауазымға орналасуға мынадай құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады:

1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6)  «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады

11) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

12)  тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.

   "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабында көрсетілген адамдар конкурсқа қатысуға жіберілмейді. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жұмысқа орналасуға тыйым салатын сыбайлас жемқорлық қылмыс және/немесе қылмыстық құқық бұзушылық және/немесе педагогикалық әдеп нормаларын бұзу туралы мәліметтер анықталған жағдайда, педагог конкурстың кез келген кезеңінде шеттетіледі.

     Үміткерлерден  құжаттарды қабылдау   хабарлама білім беру ұйымының   Интернет-ресурсында және (немесе) әлеуметтік желілердің ресми аккаунттарында жарияланған  күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде ,  яғни,   2024 жылғы   15-22 ақпан аралығына сәйкес    Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Қаратұрық а.о. Қаратұрық ауылы, Желтоқсан  көшесі №10 құрылысқа  орналасқан «Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «А.Саттаров  атындағы   орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қабылданады. 

Конкурстың өтетін күні мен уақыты құжат тапсырушы үміткерлерге жеке хабарланатын болады. 

          Қосымша мәліметтерді 87475430288 телефон нөміріне хабарласып немесе  shkola_asattarova@mail.ru электронды поштасына хат жазу арқылы  іс-жүргізуші Ж.Шажабаевадан  білуге болады.