Авут Саттаров атындағы орта мектеп — жүз жылдық тарихы бар білім беру саласындағы ірі оқу ордаларының бірі болып саналады. » А.Саттаров атындағы орта мектеп
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"А.Саттаров атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Авут Саттаров атындағы орта мектеп — жүз жылдық тарихы бар білім беру саласындағы ірі оқу ордаларының бірі болып саналады.
15
ноябрь
2024

Авут Саттаров атындағы орта мектеп — жүз жылдық тарихы бар білім беру саласындағы ірі оқу ордаларының бірі болып саналады.

Алматы облыстық білім басқармасы Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімі  Авут Саттаров атындағы орта мектеп — жүз жылдық тарихы бар білім беру саласындағы ірі оқу ордаларының бірі болып саналады. Үш тілде білім беріп, қазіргі заман талаптарына сай ұрпақ тәрбиелеп келе жатқан оқу ордасы бүгінде көп жетістіктерге жетті. Мекеп 2018 жылы күрделі жөндеуден өтіп,  заманауи техникалық базамен жабдықталған. 
2024 жылдың 15  қараша күні «100 жылдық тарихы бар мектептер» жобасы аясында мектебімізге  есімі берілген соғыс және еңбек ардагері, қоғам қайраткері А.Саттаровты еске алу және мектептің жаңа ғимаратқа көшкеніне 50  жыл толуына арналған  іс- шара  салтанатты түрде атап өтілді. Бұл ерекше шараға мектептің ардагер ұстаздары, танымал зиялылар, қазіргі ұжымның ұстаздары, шәкірттері және ата-аналары,  Авут Асанұлы Саттаровпен бірге қызмет атқарған замандастары, Саттаровтар отбасы   қатысып, білім ордасының тарихи жетістіктері мен жарқын болашағына куә болды. Баршаның жүрегінен орын алған мерекелік кеш мекеп қабырғасының сыртында Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылды, Авут Саттаровтың ескерткішіне гүлшоқтары қойылып,  мектеп оқушылары мен ұстаздары дайындаған флешмобпен  жалғасты.
Шақырылған қонақтар мектеп дәлізіне қойылған көрмелерді тамашалап мәжіліс залындағы салтанатты кешке кірді. Кеш үш тілде жүргізіліп, әр бір қойылым, ән шашу, билер көрермендер көңілінен шықты



 
         Авут Саттаровтың өмір жолы бойынша оқушылар дайындаған сахна қойылымдары, сол заманның әндерін орындауы қонақтарға өте әсерлі болды.
Шара барысында мектеп ұжымы көп жылдар бойы Қаратұрық ауылында ғана емес, Шелек өңіріне еңбегі сіңген қоғам қайраткері Султанғазиев Елеусиз Султанғазыұлы, мектеп директоры қызметін атқарып зейнеткерлікке шыққан ұстаз, жазушы Қасим Исмаилов, А.Саттаровтың ұлы Дамир Саттаровқа құрмет көрсетіп шапан жапты.
Салтанатты жиын барысында білім мен мәдениет, ауыл шаруашылығы  саласына елеулі үлес қосқан құрметті қонақтар жиналып, жүрекжарды тілектерін жеткізді. Солардың қатарында Авут Саттаровпен бірге қызмет атқарған Султанғазиев Елеусиз Султанғазыұлы, ауыл әкімі Ілебаев Айбек Қасымханұлы, Қаратұрық ауылының құрметті азаматтары, жазузылар Қасим Исмаилов, Авут Мәсимов, Авут Саттаровтың ұлы Дамир Саттаров сөз сөйлеп, іс шараны ұйымдастырған  мекеп директоры Сарыбаева Айкерим Нургалиевна және ұжымына өз алғыстарын білдірді.
Мерейтойлық кеш ұстаздар және оқушылардың орындауындағы мектеп Гимнімен аяқталып, мектеп ұжымы мен қонақтар үшін тағы бір есте қаларлық әрі рухани күш сыйлаған күнге айналды.