09
февраль
2023
"Жылайды жүрек "тақырыбында Мұқағали Мақатаевтың кеші ұйымдастырылды
9 ақпан – қазақтың ақиын ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күні. Қазақ поэзиясында үлкен қолтаңба қалдырған Мақатаевтың өлеңдерін білмейтін қазақ жоқ шығар, сірә !
Мұқағали өлеңдері – ұлттық поэзияның жаңа бір белеске көтерілгендігін, жаппай евроцентристік ағымға ойысқан заманда қазақтың қара өлеңінің шынайы қасиеттерінің қадірі артып, бұрынғыдан да толысып, кемелдене түскендігінің куәсі.
"А.Саттаров атындағы орта мектебі-мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Жылайды жүрек "тақырыбында іс-шара өткізілді. Аталмыш іс-шараға 1-11сынып білім алушылары қатысты.
Мұқағали Мақатаев – Қазақ поэзиясының көгінде кешегі майдангер, ғажайып дарын иесі Қ.Аманжоловтан кейін жарық жұлдыздай жарқ етіп, оқырманды өзіндік сыр-сипаты қайталанбас дарынмен баурап алған ерекше тұлға.«Ғасыр ақыңы» атанған Мұқағалидің барлық еңбегі тұтастай алғанда, өткен ғасырдың екінші жартысындағы қазақ елінің рухани дүниесін, тұрмыс-күйін, арман-мүддесін, тарихи тұрғыдағы ұлттық портретін шыншылдықпен хаттаған асыл мұралар қатарына жатады.
Ақиық ақынымызға арналған кеш үлкен дәрежеде өтті , жасөспірімдерге рухани құндылық бола білген бұл кеш әр оқушыға ұмытылмас сезім жетелетті.