26
апрель
2024
"Жасыл аймақ" - экологиялық акциясы
2024 жылыдың 26 сәуір күні А.Саттаров атындағы орта мектепте еліміздегі экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Жасыл аймақ» аптасы аясында ағаш көшеттерін отырғызу, екпелерді әктеу жұмыстары жүргізілді. Осыған орай дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Таиров Валерий Муминович мектепке 10 дана ақ қайын көшеттерін сыйға тартып, жас мамандармен бірге мектеп ауласына отырғызды. Акция барысындағы бұл игілікті іс табиғатты абаттандырумен бірге жастарға үлгі болды.




