"Тәртіпке бағынған қор болмайды" » А.Саттаров атындағы орта мектеп
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"А.Саттаров атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Тәртіпке бағынған қор болмайды"
13
сентябрь
2023

"Тәртіпке бағынған қор болмайды"

«А.Саттаров  атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 13.09.2023 ж. күні ұлдар жиналысы өткізілді.
Жиналыстың тақырыбы: «Тәртіпке бағынған қор болмайды»
 Жиналыста қаралған мәселелер: ұлдардың тәртібі, сабаққа қатысуы, құқықбұзушылықтың алдын алу, отбасындағы ұл бала тәрбиесінің ерекшеліктері, қоғамдық ортада ұл бала өзін қалай ұстау керектігі жайлы айтылды.
Қатысқандар: Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мангатаева М, Зульярова З   мектеп психологтары  5-11 сынып оқушылары қатысты. Күн тәртібіндегі қойылған  мәселелер бойынша  директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мангатаева М мектептің iшкi тәртіп ережелерін таныстырып, оқушылардың сабаққа қатысуын, қарым-қатынас мәдениетін, мектеп мүлкін сақтау мен ұялы телефонды қолдану тәртібі туралы айтып өтті.  
Сондай-ақ Құқық менеджері Маликов Н,  мектеп жасындағы балалардың түнгі уақытта көшеде жүрмеуi, ойын-сауық орталықтарына бармауы және сабақтан тыс кездегі бос уақытын тиімді пайдалану жайындағы ұсыныстарымен жалғасты. Жолда жүру ережелері, бала өмірінің қауіпсіздігi, тәртіп бұзушылық туралы түсінік берілді.