А.Саттаров атындағы орта мектебінде " Орында жол тәртібін, жолы болсын әркімнің!" атты байқау өткізілді » А.Саттаров атындағы орта мектеп
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"А.Саттаров атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » А.Саттаров атындағы орта мектебінде " Орында жол тәртібін, жолы болсын әркімнің!" атты байқау өткізілді
19
май
2023

А.Саттаров атындағы орта мектебінде " Орында жол тәртібін, жолы болсын әркімнің!" атты байқау өткізілді


19.05.2023ж А.Саттаров атындағы орта мектебінде 5-7сынып  оқушылар арасында "Полиция жас көмекшілері" атты байқау болып өтті.Байқаудың ашылу салтанатында  мектеп директоры А.Сарыбаева жас полиция көмекшілеріне сәттілік тіледі.5сынып оқушыларын "Жас Ұлан" ұйымының қатарына  қабылдау рәсіміне көше отырып, ұйымның мақсат, міндет, ережелермен таныстырылды. 

«Жас Ұлан»,  ұйымына кіретін оқушылыр Ант береді.

  Сайыстың әділқазылар алқасымен таныстырылды.Дене шынықтыру пән мұғалімі Е.Муналбаев.В.Сайфидин.Е.Құралбаев.АӘТД пән мұғалімі Г.Хамраев.Медбике А.Исмаилова. Орыс тілі пән мұғалімі З.Саметова.Л.Шакиева. А.Мухамбек. сайланды.Жас жасақшылар байқауында команда құрамы 11оқушы.Жарыс 6 кезеңнен құралған.10баллмен бағаланды.

Байқаудың ережесі:«Жас Ұлан» ұйымының қатарына қабылдау рәсіміне

1-бөлім «Біз полицияның жас көмекшілеріміз!» атты үгіт-насихат бригадасы (топтың аты, ұраны айтылады,  сыртқы киім барлығының бірдей болу керек, регламент 7 минут)

2-бөлім Саптық дайындық.

Ескерту: таныстыру мен саптық дайындық бірге жүргізіледі.

3-бөлім Жол қозғалыс ережелерінің белгілері.Сұрақтарға жауап беру.

4-бөлім Тақырыптар бойынша макет қорғау.

5-бөлім Велосипедпен жүрген (кедергілерден өту 3 минут)

  1. Команда құрамында 11 адам болуы тиіс:
     1.Топбасшысы-1адам
     2.Эрудит-3адам
     3. Велосипедпен жүру – 2 оқушы
      4. Санитар – 2 оқушы   

  2. Соңында сайыстардың қорытындысы шығарылып,оқушыларды мақтау грамоталармен марапатталды.