"Дарын -жанып тұрған жалын" атты дарындылар форумы



А. Саттаров атындағы орта мектепте 26 мамыр күні «Дарын-жанып тұрған жалын» атты дарынды оқушыларға арналған форум өтті.
Мақсаты: Дарынды оқушыларды марапаттау, ынталандыру және қолдау.
Форумға Қаратұрық ауылдық округі әкімінің орынбасары Б.Соқуров, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, балалар жазушысы Авут Мәсимов, запастағы полковник Ахметжан Маметов
Қаратұрық ауылдық жігіт басы Мухтаржан Мурадилов, ата-аналар комитетінің төрайымы Қарлығаш Теңізбаева, қамқоршылық кеңес төрайымы Гүлнұр Бексырғаева және дарынды оқушылардың ата-аналары қатысты.
Мектеп директоры Айкерим Нурғалиқызы Сарыбаева дарынды оқушылардың жыл бойы жеткен жетістіктерімен құттықтап, ата-аналары және жетекшілеріне өз алғысын білдірді.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиада жеңімпаздары және өнер, ән, шығармашылық пен музыка саласында жүрген облыстық, республикалық, халықаралық байқаулардың жеңімпаздары, олардың ата-аналары, жетекшілері Алғыс хатпен марпатталды.
Форум қатысушылары мектептің «Өнер» бағыты бойынша әр түрлі байқау жеңімпаздары тарапынан дайындаған концерттік бағдарламасын тамашалады.
Қаратұрық ауылдық округі әкімінің орынбасары Б.Соқуров, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, балалар жазушысы Авут Мәсимов, запастағы полковник Ахметжан Маметов өз тілектерін айтып, оқушылар мен жетекшілеріне шығармашылық табыс тілеп өз лебіздерін білдірді.