Мектеп педагогінің бос лауазымына конкурс жариялау туралы хабарландыру
«Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына (ҚР Білім және ғылым министрінің 19.11.2021 № 568 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.11.2021 № 432 бірлескен бұйрығымен өзгерістер енгізілген) сәйкес Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Қаратұрық а.о. Қаратұрық ауылы, Желтоқсан көшесі №10 құрылысқа орналасқан «Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «А.Саттаров атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі уақытша 19 сағатқа қазақ сыныптарына тарих пәнінің мұғалімі бос лауазымды орынға конкурс жариялайды.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
- жоғары немесе арнайы орта педагогикалық білімі;
- оқытушылық қызметті жүзеге асыру кезінде-педагогтың біліктілік санаты (болған жағдайда)
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар электрондық немесе қағаз түрінде қабылданады:
5) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
"Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабында көрсетілген адамдар конкурсқа қатысуға жіберілмейді. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жұмысқа орналасуға тыйым салатын сыбайлас жемқорлық қылмыс және/немесе қылмыстық құқық бұзушылық және/немесе педагогикалық әдеп нормаларын бұзу туралы мәліметтер анықталған жағдайда, педагог конкурстың кез келген кезеңінде шеттетіледі.
Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Үміткерлерден құжаттарды қабылдау хабарлама білім беру ұйымының Интернет-ресурсында және (немесе) әлеуметтік желілердің ресми аккаунттарында жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде , яғни, 2022 жылғы 18 мен 26 қазан аралығында сәйкес Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Қаратұрық а.о. Қаратұрық ауылы, Желтоқсан көшесі №10 құрылысқа орналасқан «Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «А.Саттаров атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қабылданады.
Конкурстың өтетін күні мен уақыты құжат тапсырушы үміткерлерге жеке хабарланатын болады.
Қосымша мәліметтерді 87475430288 телефон нөміріне хабарласып немесе shkola_asattarova@mail.ru электронды поштасына хат жазу арқылы іс-жүргізуші Ж.Шажабаевадан білуге болады.