“Мобильді қосымшаларда жасырылған шағын ойын қауіп қатердің алдын алу”(ата- аналар жиналысы) » А.Саттаров атындағы орта мектеп
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"А.Саттаров атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » “Мобильді қосымшаларда жасырылған шағын ойын қауіп қатердің алдын алу”(ата- аналар жиналысы)
26
сентябрь
2024

“Мобильді қосымшаларда жасырылған шағын ойын қауіп қатердің алдын алу”(ата- аналар жиналысы)

Бүгін 26.09.2024 күні А. Саттаров атындағы орта мектебінде жалпы ата -аналар комитеті отырысы өтілді.Ата-аналар жиналысында ата-аналарға көріне бермейтін, мобильді қосымшаларда жасырылған шағын ойындар болуы мүмкіндігі хабарланды.Telegram және TikTok әлеуметтік желілерінен «Бізбен ойна!” деген шақыртулар келуі ықтимал. Мұндай үндеулерді Ozon-да сатылатын 18+ кітаптардан да табуға болады. Бұлардың ең қауіптісі: “ «Тихий дом», «Разбуди меня в 4:20», «Море китов», «Синий кит», «Красный дельфин «, «Млечный путь», «U19», «F57″, » SchoolBoy RunaWay -Stealth», – делінді сөз алған мектеп директоры А.Н.Сарыбаева Сондай-ақ мектеп басшылығы МДТІЖО М.Мангатаева қауіп-қатердің алдын алу үшін балалармен жиі сөйлесіп, олардың қандай ойын ойнайтынын бақылауға алуға кеңес береді.
Мектеп педагог психологі З.Зульярова
пайдалы кеңестермен бөлісті.
Пайдалы кеңестер:
•Контентті бақылауға алу. Балаңыз ойнайтын ойынды үнемі тексеріңіз. Ойынның баланың жасына сай келетінін анықтау үшін рейнтингін қарап, шолу жасаңыз;

•Ереже орнатыңыз. Балаңызбен қандай ойындарға рұқсат етілетінін, қайсысын ойнауға болмайтынын талқылаңыз. Ойындарға шектен тыс қызығушылығы артпас үшін уақытпен шектеу қойыңыз;

•Сыни ойлауын дамытыңыз. Баланы ойын мазмұнын талдауға үйреткен жөн. Ойындарда көрсетілгеннің бәрі шынайы өмірде бола бермейтінін және қауіпсіз емес екенін түсіндіріңіз;

•Бірге ойнаңыз. Балаңызға уақыт бөліп, бірге ойнаңыз. Бұл олардың қандай ойын ойнайтынын жақсы түсінуге және қауіптің алдын алуға көмектеседі;

•Мінез-құлқына мән беріңіз. Балаңыздың мінез-құлқында қандай өзгерістер барын бақылаңыз. Егер ойыннан соң ол ашушаң әрі тұйық бола бастаса, ойнап жүрген ойындарын ауыстырыңыз;

•Ата-ана бақылауын қолданыңыз. Қажетсіз әрі орынсыз ойындар мен контентке телефондағы ата-ана бақылауын орнатыңыз;

•Басқа балалардың ата-анасымен талқылаңыз. Өзге ата-аналармен талқылап, тәжірибеңізді бөлісіңіз. Олар қандай ойындарды қауіпсіз деп санайды, соны біліңіз.
Ата-аналар комитеті отырысында қорытынды сөз мектеп директоры А.Н Сарыбаева өз сөзінде
мектеп әкімшілігі ата-аналардан балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ойындар әлемінде дұрыс таңдау жасауға көмектесуін айта кетті.
Пікірталас алаңы бойынша мектептегі әр сыныпта «Компьютерлік ойындардың пайдасы мен зияны» тақырыбында МДТІЖО М.Мангатаева пікірталас жүргізіп, ата-аналармен  киберқауіпсіздіктің алдын алу бойынша тренингтер өткізді.