Сыйлықтың үлкені-кітап, байлықтың үлкені-ұрпақ. » А.Саттаров атындағы орта мектеп
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"А.Саттаров атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Сыйлықтың үлкені-кітап, байлықтың үлкені-ұрпақ.
23
февраль
2023

Сыйлықтың үлкені-кітап, байлықтың үлкені-ұрпақ.

 «А. Саттаров орта мектеп, мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік мекемесінің білім ошағындағы үлкен кітапхана қоры күн сайын қазынасын қомақтандыруда.«Кітап сыйла» акциясы аясында  үш тілді үлкен мектеп кітапханасына ұйғыр тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Б. Низамдинова ұйғыр сыныптары үшін ұйғыр халқының ұлттық танымы, ертегілер мен балалар әдебиеті сынды кітаптар жинағын сыйға тартты. Бүгін де мектебіміздің ұлттық көркем әдеби қоры молайып, ұлттық құндылығын ұмытпауға мұрындық болған кітапхана басшысы А. Ергожаева. мен мектеп директоры. А. Сарыбаева сабақ арасындағы үлкен қоңырауда және де сабақтан тыс уақытта біліммен қоса ұлттық мәдениетті дамытудың негізін қалап отыр. Қашанда оқырманына ұсынатын ұлы құндылықтарымыздың қазынасы ортаймас үшін мемлекет бөлген кітаптардан бөлек ұстаздарымызда өз үлесін қосуды әдетке айналдырған. Жүйелі білім беруден бөлек білім ордасының құндылықтардан да қалыс қалмағанының көрінісі жіті назарда. Сыйға тартылған кітаптар бірден сұранысқа ие болып, ұйғыр сыныбының оқушылары өз қуаныштарын да, алғыстарын да жасыра алмады.«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын». деген текке айтылмаған  сөз екенін тұздық ете отырып, біздің мектептің бұл эстофетасын келесі Еңбекшіқазақ ауданының мектептеріне жолдаймыз... «Қазыналарыңыздың қоры еселенсін!»    кітапханашы         Ергожаева. А