"Мектепке жол" акциясының жүргізілуі » А.Саттаров атындағы орта мектеп
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"А.Саттаров атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Мектепке жол" акциясының жүргізілуі
04
сентябрь
2023

"Мектепке жол" акциясының жүргізілуі

А.Саттаров атындағы орта мектепте 2023 жылдың 1 тамызында «Мектепке жол» жыл сайынғы республикалық акциясы басталады.

Акцияның мақсаты – аз қамтылған, көп балалы, тұрмысы жайсыз отбасылардан шыққан балаларға, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету, әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.

Ағымдағы жылы қайырымдылық акциясына ерекше көңіл бөлініп, «Жақсылықты жаса» ұранымен өткізіледі.

А.Саттаров атындағы орта мектеп және білім беру ұйымдарында оқушыларға мектепке дайындыққа көмек көрсету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Көмекке мұқтаж балалардың деректер базасы құрылды. Азаматтардың өтініштеріне жедел әрекет ету үшін «жедел желілер», инстаграм және  мектеп сайты «сенім» телефондарының жұмысы, хабарландырулар жазылып дүкендерге, кәсіпкерлерге таратылды. 

Сонымен қатар, қайырымдылық көмек көрсетуге демеушілерді, әлеуметтік серіктестерді, мемлекеттік құрылымдарды тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Республикалық акция күнтізбелік жыл бойы жалғасатынын айта кеткен жөн. 2023 жылдың 5 тамызында Техноград компаниясының демеушілігімен әлеуметтік осал топтағы 7 оқушымызға мектеп формасы, сөмке,жейде,оқу құралдары,аяқ киімге 10 мың теңгеден қаржылай таратылды. Бұл шамамен бір оқушыға 60 мың теңгеден жұмсалды.Яғни Техноград компаниясы 490 мыңға көмек көрсетті. Ауыл кәсіпкерлері де 3 оқушыға,мектеп формасы, сөмке,оқу құралдарымен,ая киіммен қамтамасыз етіп, 180 000 мыңға көмек көрсетті .Ауыл әкімшілігінен 2 оқушыға мектеп сөмкесі,оқу құралдарын алып берді, яғни 32 мыңға көмек көрсетті, 1 оқушымызға мектеп ұстаздары тарапынан юбка,кофта,оқу құралы,аяқ киім берілді,яғни 34 мыңға көмек көрсетілді.Қазіргі таңда демеушілер көмегімен 736 мың теңгеге көмек көрсетілді.Демеушілерімізге алғыс білдіреміз.Мектепке жол акциясы әлі де жалғасын табады.