ҚР Журналистер Одағының мүшесі, Қоғам қайраткері Меруерт Әйтенова мен ақын,әрі журналист Айгүл Ысқақ келіп, ұстаздар қауымы және оқушылармен кездесу өткізді » А.Саттаров атындағы орта мектеп
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"А.Саттаров атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҚР Журналистер Одағының мүшесі, Қоғам қайраткері Меруерт Әйтенова мен ақын,әрі журналист Айгүл Ысқақ келіп, ұстаздар қауымы және оқушылармен кездесу өткізді
04
апрель
2023

ҚР Журналистер Одағының мүшесі, Қоғам қайраткері Меруерт Әйтенова мен ақын,әрі журналист Айгүл Ысқақ келіп, ұстаздар қауымы және оқушылармен кездесу өткізді


2023 жылы  4 сәуір күні  мектебімізге ҚР  Журналистер Одағының  мүшесі, Қоғам қайраткері  Меруерт  Әйтенова  мен  ақын,әрі  журналист Айгүл Ысқақ келіп, ұстаздар қауымы және оқушылармен кездесу өткізді.  Мектебіміздің басшысы Айкерім  Нұрғалиқызы  сөз сөйлеп, 2 а сынып оқушысы Мақан Мақсаттың  орындауындағы «Атамекен» әнімен  басталды. Кездесу барысында  болашақта  журналист  болуды армандайтын мектеп  оқушылары  өз  пікірлерімен, арман мақсаттарымен бөлісіп,  журналистермен сұқбат құрды.  Екі   жас суретшілеріміз  9а сынып оқушысы  Бекберген Әсем   мен  10 б  сынып  оқушысы  Салимова Мубарам  кездесу  барысында Меруерт Әйтенованың  портретін салып, кездесудің  соңында сыйға тартты.  Мектеп  басшысы Сарыбаева Айкерім  мен 3а сынып оқушысы Мақан Мақсат  ән орындады.  Жас қаламгер  6ә сынып оқушысы  Елтай Мұнара  өз шығармашылығынан  Меруерт Әбдірайымқызына арнау өлеңін оқыды.   Және  мектебіміздің  ұстаздары сөз сөйлеп, қонақтарға тілектерін  айтты. Кездесу  өте әсерлі  өтті.