"Балам менің баға жетпес байлығым" » А.Саттаров атындағы орта мектеп
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"А.Саттаров атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Балам менің баға жетпес байлығым"
08
февраль
2023

"Балам менің баға жетпес байлығым"

Бүгін мектебімізде "Балам менің баға жетпес байлығым" тақырыбында мектепшілік ата-аналар қоғамдастық бірлестігінің негізін қалаушы Теңізбаева Қарлығаш ата-аналардың ерекше кездесуі өтті. Кездесуде ата-аналарымызбен еркін форматта бала тәрбиесі, отбасы құндылығы тақырыбында еркін ой бөлісу болды. Кездесу қонағы Теңізбаева Қарлығаш ата-аналармен бала тәрбиесіне байланысты қызықты сұхбат жүргізіп, тәжірибесімен, идеяларымен бөлісті. Ата-аналарды қоғамдық бірлестігінің мақсатымен таныстырды. Ата-аналардың идеялары тыңдалып, алдағы уақытта бірлесіп өткізілетін іс шара жоспарланды.
Екінші бөлімде шай басында ата-аналармен тимбилдинг ұйымдастырылды. Шай іше отырып, ата-аналар бір-бірімен, кездесу қонақтарымен бала тәрбиесіндегі жетістіктерімен бөлісті.