Дұрыс тамақтану » А.Саттаров атындағы орта мектеп
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"А.Саттаров атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
сентябрь
2024

Дұрыс тамақтану

Тамақтану мәдениеті

Тамақтың пірі бар, қасиеті бар деп жатамыз. Үйде үлкен кісілер, ата-әжеміз дастарқан басына келіп отырмайынша, табаққа қол созбаймыз. Алдымен үлкен кісі бата беруі керек, сол кісі бірінші қол салып, дәм алғаннан кейін ғана біз тамақтана бастаймыз. Қазір бұл мәдениетімізді жоғалтып бара жатқандаймыз. Осы мәселеге ерекше көңіл бөлу керек. Біріншіден, бұл мәдениет дастарқанның басында отбасы мүшелерінің бәрі бір уақытта жиналуына мүмкіндік береді, яғни бірлігіміз нығаяды. Екіншіден, үлкендерге кішілердің күні бойы немен айналысқанын қадағалауға мүмкіндік береді. Ең маңыздысы, үйдің тамағын тұтынуға жағдай жасайды. Сонымен қатар, жастар үлкендермен бірге дастарқан басында отырғанда, ешкім де тамақтан басқа нәрсеге алаңдамайды.